Актер бұл марапатқа "Sicko" фильміндегі рөлі үшін Джека Тейлор атындағы сыйлықты иеленді.
Фестиваль қазылар алқасы оның актерлік шеберлігіне жоғары баға беріп, рөлді әсерлі сомдағанын, драма мен қара юморды шебер ұштастырғанын атап өтті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, фестиваль қорытындысы бойынша "Sicko" фильмі үш номинацияда жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, картина "Үздік толықметражды фильм", "Үздік актер" және "Үздік костюмдер" марапаттарын иеленді.
Айта кетейік, Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалі жыл сайын Канар аралдарында өтеді. Биыл мерейтойлық оныншы фестиваль 6-15 қараша аралығында ұйымдастырылды.
Аян Өтепберген – қазақстандық театр және кино актері, әнші. Оның кино мансабы 2012 жылы басталған. Содан бері ол бірнеше ондаған фильм мен жобаға түсті. Көрерменге "Мың бала" тарихи драмасындағы Таймас, "Қазақ хандығы" дилогиясындағы Бұрындық, "Томирис" фильміндегі Тирас рөлдері арқылы танылды. Сондай-ақ актер "Рэкетир 2", "Бизнесмен", "Бешбармақ" және "SHULAMAH" музыкалық драмасында өнер көрсетті.
Биыл мамырда Аян Өтепберген "Құрмет" мемлекеттік орденімен марапатталған.