Мексикада Димаштың концерті аншлагпен өтті

Сурет: dimashnews.com
2026 жылғы 17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Гвадалахара қаласындағы Auditorio Telmex аренасында алғаш рет жеке концертін өткізіп, көрермендер залын лық толтырды. DIMENSIONS атты жаңа шоу Мексиканың үшінші қаласында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші концертін өзінің авторлық Dimensions композициясымен бастаған. Бұл ән арқылы ол бір мақсатқа бағытталған шығармашылық жолын таныстырады. Шоудың басты әнінің музыкасын Димаштың өзі, ал сөзін қазақстандық музыкант әрі ән авторы Саян Рахымжан жазған.

Сурет: dimashnews.com

Әншінің шығармашылығы туралы негізгі ресми ақпараттық порталда жазылғандай, оның концерттеріне түрлі жастағы, ұлт пен тіл өкілдері келеді. Гвадалахарадағы шоуға танымал мексикалық әнші, актер әрі продюсер Висенте Фернандестің жұбайы Мария Вильясеньор да келген.

Сурет: dimashnews.com

Висенте Фернандес Гвадалахара қаласында дүниеге келген. Ол бірнеше рет "Үздік мексикалық альбом" номинациясы бойынша "Грэмми" сыйлығын иеленген. Оның кино саласындағы мансабы 1960 жылдардың соңында басталған. Өнер иесі 30-дан астам фильмге түсіп, соның 10-ында продюсер ретінде де жұмыс істеген. Музыка саласында 50-ден астам альбом шығарған. Оның 61 әні Billboard Hot Latin Songs хит-парадына еніп, 20 композициясы үздік ондыққа кірген.

Сурет: dimashnews.com

Мария Вильясеньор Димаштың өнерімен шамамен үш жыл бұрын интернеттен оның орындауларын көрген кезде танысқанын айтты. Әншінің ерекше орындаушылық шеберлігі мен музыкалық дарыны оны бірден тәнті еткен.

"Мен алғаш естіген шығарма – Ave Maria вокализі еді. Ол мені шын мәнінде баурап алды. Ал қазір сүйікті әнім – Moonlight. Димаш – ерекше, періштедей ғажап дауысы бар айрықша өнер иесі. Оған бұдан да үлкен жетістіктерге жетіп, қайталанбас талантын әлеммен бөлісе беруіне тілектеспін. Оның музыкасын барша адам естуі керек деп шын жүректен сенемін. Өйткені оның дауысы ғана емес, әндерінде жеткізілетін терең мағына мен әсем ойлар да ерекше", – деді Мария Вильясеньор.

Ал 2026 жылғы 19 және 20 қарашада Құдайберген Мексика астанасында концерт береді.

Димаштың өзі де концерттен түсірілген әсерлі видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Әнші жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, оларды жақсы көретінін жеткізді.

АҚШ
Қазақстан
Шоу-бизнес
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

Евро-2028 іріктеу ойындарының жеребесінде Қазақстан төртінші себетке "түсті"

Қазақстандықтар 2026 жылғы желтоқсанда неше күн демалады