Бүгінгі таңда Қазақстанда 15,3 млн адам, яғни халықтың 80,1 пайызы ем-дом алу үшін ай сайын қаражат аударып отырған болса, 3,8 млн адам, яғни халықтың 19,8%-ы сақтандырылмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірақ өзінің мәртебесіне қарамастан, азаматтар кейбір медициналық қызметтерді тегін ала алады.
Сонымен сақтандырылмаған азаматтар қандай тегін медициналық көмектер ала алады?
1. Жедел жәрдем қызметтері;
2. Белгілі бір жағдайларда медициналық авиацияны тарта отырып көрсетілетін жедел медициналық көмек;
3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) қызметтері, оның ішінде:
1) ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;
2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру;
4) иммундау (вакцинация);
5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
6) репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі іс-шаралар;
7) босанғаннан кейінгі кезеңдегі және жүкті әйелдерді бақылау;
8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
4. Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:
1) АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы, диагностикасы;
2) жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратын аурулар кезіндегі және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшін мобильді бригаданың қызметтері;
3) әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;
4) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика және емдеу.
5. Стационарды алмастыратын жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек:
1) әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі емделулер;
2) елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын тудыратын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан жалпыға бірдей үйдегі стационардың қызметтері;
3) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі емдеу.
6. Стационарлық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек:
1) айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;
2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;
3) сақтандырылу мәртебесіне қарамастан адамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішінде тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу;
4) жоспарлы тәртіпте.
7. Медициналық оңалту:
1) негізгі ауруды емдеуде;
2) туберкулезбен ауыратын науқастар үшін.
8. Паллиативті медициналық көмек;
9. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;
10. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика;
11. Қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту;
12. Дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;