«Ұжымдық иммунитет жоғарылады»: Бас санитар дәрігер Алматыдағы коронавирус жағдайы туралы

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мегаполисте бірнеше күн қатарынан коронавирус жұқтыру көрсеткіші азайып келеді. Алматының бас санитар дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы негізгі себептерді түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір Алматы «жасыл» аймақта. Бүгінгі дерек бойынша Алматыда бір тәулікте 68 адам коронавирус жұқтырған.

Алматыдағы COVID-19 вирусының бесінші толқыны соңғы кезеңіне жақындап қалды. Аурудың айтарлықтай және жылдам төмендеуі ұжымдық иммунитеттің жоғарылауымен байланысты. Қазір ұжымдық иммунитеттің деңгейі 59%-дан асты. Сонымен қатар Omicron штамына қарсы вакцинаның да әсері бар. Осы жағдайларға байланысты вирус таралуы азайып жатыр.Алматының бас санитар дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы

Бас санитар дәрігердің айтуынша, жарты жылдан астам уақыт бұрын екпе алған 254 885 адам вакцинаны қайта салдырды.

Айта кету керек, жыл басынан бері пневмонияның жеңіл және асимптоматикалық түрімен ауырып, «аяққа тұрған», диагностика мен медициналық көмекке жүгінбеген және осы себепті ресми санатқа қосылмағандарды қосқанда қаладағы ұжымдық иммунитет шамамен 5%-ға жоғары. Қасымхан Алпысбайұлы

Санитар дәрігерлер жағдайдың тұрақталғанына қарамастан әзірше қоғамдық орындарда маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаудан толық бас тартуға болмайтынын айтып отыр.

Сонымен қатар дәрігерлер COVID-19-ға қарсы күресте жаңа өзгерістер вакцинация мен ревакцинация қарқыны артқан жағдайда ғана мүмкін екенін еске салды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Желідегі шудан соң Алматының орталығында ілінген, қазақшасы қате-қате баннер алынып тасталды

Қазақстанда үшінші ресми валюта пайда болды

Ақсу қаласында трансформатор өртенді

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды