Кинолог итке кене жабысқан жағдайда не істеу керектігін айтты

Сурет: Zakon.kz
Ресей кинологиялық федерациясының (РКФ) президенті Владимир Голубев үй жануарларына жабысқан кенені алу кезінде ит қожайындары қандай қателіктерге бой алдыратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кинологтың айтуынша, паразитті өлтіремін деп ешбір жағдайда май, бензин, спирттік сұйықтық және басқа тітіркендіргіш заттарды қолдануға болмайды, деп жазады Мослента.

Кенеге осындай дәрі-дәрмектер сепсеңіз, кененің тыныс алу саңылаулары бітеліп, ас қорыту жүйесіндегі барлық зиянды заттарды иттің денесіне шашып, бөледі: бұл кене энцефалиті, анаплазма немесе боррелия вирусы болуы мүмкін, ол иттің ағзасын улайды", – деп түсіндірді сарапшы.

Сол секілді кенені шалт қиылдап, жұлып алуға тырыспау керек, одан кейін оны алу кезінде мыжып алмау қажет, мұндай жағдайда да паразиттен ит ағзасына у барады. Кенені сол күйінде тағы қалдыруға болмайды.

Мұндайда, ең дұрысы, ветеринарлық клиникаға апарған жөн. Ал дәрігерде кенені алатын қажетті құралдар мен икем де бар. Кенені алған соң маман оның орнын міндетті түрде зарарсыздандырады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды