Дәрігер маймыл шешегінің жаңа симптомы анықталғанын айтты

Сурет: pixabay
Маймыл шешегін жұқтыру белгілерінің бірі жалпы вирустық интоксикациямен байланысты тамақ ауруы болуы мүмкін. Дегенмен ең негізгі белгісі – бөртпе, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маймыл шешегінде вирустық инфекцияның белгілері басым болады. Сондықтан тамақ ауруы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі және лимфа түйіндерінің ауыруы мүмкін. Бірақ ең басты белгісі – сатылы, симметриялы, жүйелі сипатқа ие бөртпе, деп жазады Ura.ru.

Маймыл шешегі кезінде тамақ ауруы дене қызуының көтерілуінен, жалпы интоксикациялық синдромнан болады әрі ол аумақтық лимфа түйіндерінің қабыну прцесімен байланысты болуы мүмкін. Дәрігер Сергей Токарев

Дәрігер жеңіл өтетін бұл ауруды тіпті аллергиямен шатастыруға болатынын айтты.

Маймыл шешегін жұқтырған кезде бөртпе біртіндеп шығады, яғни терідегі дақ пен қабыршықтан бастап, іріңді бөртпе мен қабықшаға дейін кезең-кезеңімен дамып, экзантеманың бір түрінен екінші түріне өтеді.

Маймыл шешегін анықтау өте оңай. Бірақ ауру әртүрлі ауырлықта өтетінін ескерсек, кейде бөртпе айқын көрінбейді. Кейде шешек тіпті аллергияға ұқсауы мүмкін. Сондықтан, егер бөртпе шықса, еренсіз болмай, дәрігерге қаралу керек. Сергей Токарев
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған