COVID-19 «Кентавр» штамының қауіп дәрежесі әлі анықталған жоқ – Есмағамбетова

Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова әлемнің 15 елінде Кентавр коронавирусының жаңа штаммы анықталғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл штамм («Кентавр.» - Ред.) әлемнің 15 елінде анықталған. Бүгінде бұл мутацияның басқа штамдармен салыстырғанда аурудың таралуы мен ауырлығына қаншалықты әсер ететіні туралы нақты дәлелдер жоқ.Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова

Министр зерттеу жалғасып жатқанын айтты.

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша кейінгі аптада Еуропа, Шығыс жерорта теңізімен Африка өңірлерін санамағандақалған 3 өңірдесырқаттану 30%-ға дейін өсті. Кейінгі аптада әлемнің 92 елінде сырқаттанудың өсуі байқалады, оның ішінде Азербайджанда сырқаттану 115% (892 жағдайдан 1920 жағдайға дейін), Жапонияда 70% (611 мың жағдайдан 1 млн 38 мың жағдайға дейін), Польшада 63% (10 мың жағдайдан 16 мың жағдайға дейін), Ресейде 49% (29 мың жағдайдан 43 мың жағдайға дейін), Қытайда 36% (889 жағдайдан 1205 жағдайға дейін), Венгрияда 28% (8 мың жағдайдан 10 мың жағдайға дейін), Катарда 2% (6 900 жағдайдан 7 100 жағдайға дейін) өскен.

COVID-19 Омикрон штаммы барлық әлемдегі негізгі вирус болып өршуді жалғастырып жатыр. Оның үлесі зерттелген үлгілердің 95%-ына тең. Омикрон штаммының арасында BA.5 және BA.4 үлесі артып жатыр. Соның ішінде вирустың BA.5 түрі 100 елде анықталды және бір аптада барлық вирустың түрлерімен салыстырғанда вирустың BA.5 түрінің үлесі 54%-ға дейін өскен.

Сонымен қатар ВА2.75 Омикронының (Кентарв) субнұсқасын ДДҰ-ы бақылап отыр. Осы субнұсқаны әлемнің 15 елі бақылауға алған. Ол барлық зерттелген үлгілердің 0,05%-ына тең.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті