Вакциналау төлқұжаттарын 35 елмен арада өзара тану қарастырылған. Жалған вакциналау төлқұжаттарына келетін болсақ, біз мұндай статистиканы күнделікті жүргізіп отырмаймыз, яғни қанша жалғаны анықталды, қанша адам жауапкершілікке тартылды дегендей. Бірақ біз бұған жол бермеу үшін жұмысты жүйелі деңгейде жүргізудеміз. Денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова
Оның айтуынша, медициналық ұйымдар жазбаларды жою құқығынан айырылған. Мұны енді Денсаулық сақтау басқармасы қарап шыққаннан кейін ғана жасауға болады.
Сондай-ақ, вакциналау төлқұжаттарын қолдан жасау қаупін азайту үшін цифрлық технологияларды пайдалану жоспарланып отыр.
Картадан ақша аударған кезде, бізге осы операцияны шынымен де өзіңіз жүргізіп отырғандығыңызды растау үшін телефонға коды бар хабарлама келеді. Дәл осындай функцияны біз адам вакцина алуға келген кезде ақпараттық жүйелерімізге енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, оған коды бар SMS-хабарлама келеді және ол деректерді енгізу үшін медициналық қызметкерге осы кодты атауға міндетті болады. Пациенттің қатысуынсыз бұл жағдайда ешқандай деректер енгізілмейді. Айжан Есмағамбетова
Оның айтуынша, бүгінде вакцина алушылармен кері байланыс орнатылған.
Егер бұрын вакцина алғанда құттықтаған болса, қазір қосымша функция енгізілді, егер адам вакцина алмаған болса, ол 1414 нөмірі немесе Telegram-бот МӘМС бойынша өздігінен хабарласа алады. Сол кезде бұл фактілер сол араға түсіп, одан әрі тергеу жүреді. Егер мұндай жағдай жүйелі сипатқа ие болса, онда, әрине, тиісті органдарға материал жолданады, өйткені бұл жалған нәрсе, егер бұл техникалық жағымен байланысты фактілер болса, онда бұл ұйымдастыру шараларына тікелей қатысты. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері