Оралда улы өрмекші шаққан бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Сурет: pixabay
Оралда тоғыз жасар баланы "қаралы жесір" (черная вдова) өрмекшісі шағып алды. Оқыс оқиға биылғы жылдың 27 шілдесінде орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының педиатры Эльвира Дәулетованың өрмекші шаққан бала бірден ауруханаға жеткізілгенін айтқанын хабарлайды.

Ол бізге өте ауыр жағдайда келіп түсті. Қатты тершеңдік, жалпы әлсіздік, өне-бойының сыздап ауыруы және қан қысымының жоғарылауына шағымданды. Оны "қаралы жесір" өрмекшісі шағып алған. Баланың өзі өрмекшіні байқап, оны сілкіп жіберген, ата-анасы оны шыны ыдысқа салып, бізге алып келді. Бұл - өте дұрыс шешім, біз қандай ем қолданатынымызды бірден анықтай алдық. Бұл өте қауіпті жағдай, мұндайда дене сіресіп қалады, тіпті кісі өліміне әкеліп соғатын жағдайлар бар. У бүкіл денеге әсер етеді. Ата-аналардан қырағы болуды, балаларды далаға жалаң-аяқ жібермеуді және жәндіктердің шағуынан сақтануды сұраймыз. Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының педиатры Эльвира Дәулетова

Қазір кішкентай науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Ол әлі де жансақтау бөлімінде, бірақ есін жинап, өздігінен тамақтана бастады.

Мұндай оқиға биыл өңірде алғаш рет орын алғаны айтылады.

Дәрігерлер жәндік шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі