Дәрігер гипертониялық криз дертінің белгілерін атады

Сурет: pixabay
"Ойнақтаған" қан қысымын елеусіз қалдыруға болмайды, өйткені бұл жағдай инсультқа немесе инфарктқа ұшыратуы мүмкін, деп ескертеді маман, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гипертониялық криз барын көз астының көлкілдеуі, дем алу кезіндегі кеудедегі сырыл және мұрынның қанауы байқата алады, - дейді кардиолог, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дәрігері Юрий Серебрянский "Мәскеу 24"-ке берген сұқбатында.

Гипертониялық криз - бұл қан қысымының күрт және шамадан тыс жоғарылауы кезіндегі қауіпті жағдай, - деп түсіндірді дәрігер. Оны кез-келген нәрсе қоздыруы мүмкін: жүйкеге түскен салмақтан бастап ыстық душқа дейін. Ең бастысы, оны тонометрдегі цифрлар анықтай алады. Кардиологтың айтуынша, қан қысымы жоғары болғанда құралдағы сынап бағаны 200-250 миллиметрге дейін барады, ал ең аз дегенде - 140-150-ге дейін көтерілуі мүмкін.

Дәрігер ауру белгілерін елеусіз қалдырмай, мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгінуге кеңес берді. Ол уақтылы ем-дом инсульт пен миокард инфарктісінің, әсіресе ауыр жағдайларда кісі өлімінің алдын алуға мүмкіндік беретінін айтады.

Оның айтуынша, кейде гипертониялық криз ыстық душ қабылдау кезінде де көрініс табады

Сарапшы қан қысымы "ойнайтын" адамдарға үйде тонометр ұстауға кеңес береді. Гипертониялық криз белгілері қылаң берсе, өздігінен емделуге болмайды, дереу жедел жәрдем шақырып, есікті ашық қалдыру керек (есін жоғалтқан жағдайда).

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алған жөн.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы