Астананың бас санитар дәрігері қаладағы коронавирус жағдайы бойынша болжам айтты

Сурет: Zakon.kz
Астанада коронавирус жұқтыру көрсеткіші өсіп келеді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пралиева айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жанна Пралиева елордада ревакцинациядан өтпегендердің басым бөлігі бар екенін, сонымен қатар қалада COVID-19 жаңа штамы Cerberus таралып жатқанын мәлімдеді.

"COVID-19 туралы деректерді, сонымен қатар жаңа Cerberus штаммын анықтау жылдамдығын талдай отырып, біз ауру көрсеткіші өсу үрдісінде деген қорытынды жасай аламыз".Астананың бас санитар дәрігері Жанна Пралиева

Оның айтуынша, 1 желтоқсаннан бері бар болғаны 6 күнде қалада COVID-19 инфекциясының 322 жағдайы тіркелген. Науқастардың ішінде вакцинацияланғаны – 167 адам. Оның ішінде 117 адамда вакцинаның екінші құрамдас бөлігін алған күннен бастап 6 айдан астам уақыт өткен. Қайта егілгендердің 50-і ауырған, оның ішінде тек 16-сында қайта вакцинациядан кейін 6 айдан аспаған.

Елордадағы Ұлттық сараптама орталығы филиалының молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасының мәліметі бойынша, елордада SARS-CoV-2 вирусының Omicron- ның (BA.5.2. (Pango v.4.1.1 PLEARN-v1.12) және (BA .5 тәрізді) штаммдары басым. Олар қаладағы зерттелген үлгілердің 79%-ында табылды.

Сонымен қатар 17% үлгілерде BA.5.1-3%, BA.4-1% штамдары және басқа да генетикалық линия байқалған. Сонымен қатар Қазақстан үшін "Омикрон" штаммының BQ.1.1 (бейресми атауы - Цербер) жаңа субгенетикалық линиясы анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарин: Соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр

Қазақстанға қоныс аударатын қандастар мемлекеттік субсидияны қалай ала алады

Ақордада Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті

Мемлекет басшысы Иордания королі II Абдалланы Al-Farabi орденімен марапаттады

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды