Қазақстанда жасанды ұрықтандыруға 7 мың квота бөлінді

Сурет: unsplash
Биыл "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 7 мың квота бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша балалы болғанның бірі – Алматы тұрғыны Венера Ахметова. Ол 6 жылдан кейін сәби сүйген. 

"Біздің отбасы құрып, сәбиді аңсап қаншама жыл жүрдік. ЭКО әдісімен 6 жыл дегенде былтыр ғана сәби сүйіп, ата-ана атандық. Қуанышымызда шек жоқ", - дейді ол.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, 2022 жылы елімізде "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 2,5 мыңнан аса сәби дүниеге келді. Кезекті жылдап күткен ерлі-зайыптылар қазір бір жылда, тіпті 2-3 айда квотаға іліге алады.

"2021 жылы "Аңсаған сәби" бағдарламасы басталды. Сол кезде 7 000 квотадан 2 500 астам бала дүниеге келді. Бұл – керемет көрсеткіш, яғни әрбір екінші, үшінші әйел жүкті болды. Әлі олардың біраз қатырылған эмбриондары бар, креоконсервация жасалған. Әлі де біраз бала туады, сол 2021 жылғы квотадан. 2022 жылғы квотадан қазір алғашқы балалар туылып жатыр", - дейді "Экомед" адам репордукциясы клиникалар тобының ғылыми жетекшісі Салтанат Байқошқарова.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды