Тастанды нәрестелер туралы айтпаған дәрігерлерге айыппұл салынады

Сурет: pixabay
ҚР Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, кодекске «Мемлекеттік медицина ұйымдары мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жаңа туған нәрестені тастап кету фактісіне жол бермеуі» деген жаңа бап енгізіліп жатыр.

Бұл бапты бұзғаны үшін әуелі ескерту жасалады. Бір жылда қайталанған факті үшін 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Тағы бір жаңа бапта жоғарыда аталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді баланың құқығын қорғау саласындағы уәкілетті орган қарайтыны көзделген. Дәл сол орган әкімшілік жаза қолданады.

Құжат 3 наурызға дейін қоғамда талқылануы үшін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.

Биыл қаңтар айының соңында Таразда қалалық аурухананың екі медицина қызметкері сәбилерді саудалады деген күдікпен ұстағаны белгілі болды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі