Алматыда жол апаты салдарынан жеңіл көлік аударылып қалды

Сурет: zakon.kz
Апат салдарынан ауыр жарақат алғандар жоқ.

Рысқұлов даңғылының бойында үш көліктің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Honda CR-V жүргізушісінің айтуы бойынша, ол Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатқан. Соқпақбаев көшесінен өткен бойда көлігінің артынан ауыр соққы болғанын сезеді, салдарынан Honda көлігі жолда кетіп бара жатқан Subaru Legacy көлігіне соғады.

Көліктен шыққан бойда, жүргізуші аударылып жатқан Mitsubishi Galant-ты көреді. Анықталғандай, Mitsubishi көлігіннің қозғалғышында ақау болып, көлікке ие бола алмай қалады, жүргізуші рөлді бұрған кезде Honda көлігімен соқтығысып, аударылып қалады.

Жол апаты салдарынан Mitsubishi көлігінің жолаушысы жарақат алды, алайда жедел жәрдем шақырудан бас тартты. Сондай-ақ, жол полицейлерін де шақырмай, өзара келісім жасалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін