Алматыда жеңіл көлік алдымен бағанаға, содан кейін қабырғаға соғылды

www.zakon.kz
Жүргізушінің айтуынша, ол мотоциклистпен соқтығыспауға тырысқан.

Әл-Фараби көшесімен келе жатқан көлік жолдың жиегіне шығып кеткен, деп хабарлайды zakon.kz.

BMW 3 автокөлігі әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан.

Шашкин көшесіне жетпей көлік жүргізушісі ортаңғы жолдан шеткі сол жолаққа өткісі келген. Осылайша алдыңғы көлікті басып озбақ болған.

Маневр жасауды бастаған кезде, жүргізуші артқы айнасынан жоғарғы жылдамдықта келе жатқан мотоцикл жүргізушісін байқайды.

Соқтығысуды болдырмау үшін, BMW жүргізушісі автомобильді өз жолына қайта бұрады. Бірақ рөлді күрт айналдырғандықтан тізгінді жоғалтып алады.

Автокөлік алдымен бағанаға, содан кейін қабырғаға соғылып, жолдың жиегіне шығып кетеді. Қатты соққының салдарынан көлік артқа қарай ұшып кеткен.

Оқиға салдарынан BMW жолаушысы жарақат алды. Жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізді.

Мотоцикл жүргізушісі тоқтамай кетіп қалған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді