Қостанайдағы 18 жасар қыздың өлімі: оқиғаның бірнеше нұсқасы айтылды

zanmedia.kz
Полиция жүгіруге кетіп, оралмаған 18 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты оқиғаның бірнеше нұсқасын ұсынып отыр.

Қостанайда 18 жастағы қыздың өлімін тергеу өңірдің ішкі істер департаменті басшысы, полковник Бекет Аймағамбетовтың басшылығымен жүргізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бойжеткен 20 шілде күні кешке жүгіруге кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні орман ішінен зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылды.

"Істі тергеу ерекше бақылауға алынды. Күдіктілерді табуға бағытталған шаралар атқарылып жатыр, сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның бірнеше нұсқасын ұсынып отыр", — деп хабарлайды Sputnik өңірлік "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Бақылау камераларына түсірілген видеолар зерттеліп, сол күні Қостанай – Затобольск жолымен жүрген жүргізушілерден жауап алынуда.

Полицияда тіркеуде тұрған тұлағалар тексеріліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады