Ақтауда із-түссіз жоғалып кеткен 12 жастағы қыз іздестірілуде

Stan.kz
Ешкімге ескертпей үйден шығып кеткен қыздан қазірге дейін хабар жоқ.

12 жастағы Диана Бекхожаева Ақшұқыр ауылының маңында жоғалып кетті. Туыстары оның 23 шілде күні шамамен сағат 20:00-де ата-анасынына ескертпестен үйден шығып кеткенін айтты. 12 жастағы қыздың жоғалып кеткені туралы Stan.kz хабарлайды.

«Кешкі ас уақыты болатын. Диананы дастарханға шақырғанда ғана оның үйде емес екенін білдік. Ол барып қалуы мүмкін деген барлық адамдарға қоңырау шалдық, бірақ ешкім ештеңе білмейді», – дейді Диананың апайы.

Диананы іздеген туыстары құқық қорғау органдарына жүгініп, медициналық мекемелерді де қарап шықты. Бірақ, ешкімге ескертпей үйден шығып кеткен қыздан қазірге дейін хабар жоқ.

Із-түссіз жоғалып кеткен 12 жастағы қыз үйден шығарда қара кроссовки, қара шалбар киіп кеткен. Сондай-ақ, оның үстінде жасыл кофта және алқызыл күртеше болуы мүмкін. Оның бойының ұзындығы 165 сантиметр және ірі денелі келген.

Диана туралы қандай да бір ақпарат белгілі болған жағдайда келесі телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 87027794255; whatsapp- 87013339419 Самал, Гүлсамал.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады