Павлодар облысында туберкулезге қарсы ауруханадан өрт шықты

pavlodarnews.kz
Құтқарушылардың көмегімен оқиға орнынан сыртқа 38 адам шығарылған.

Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері Ақсу қаласының мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінде өрт болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Медициналық мекеме Ақсу қаласына қарасты Ақсу кентінде 8 Март көшесі, 2 А мекенжайы бойынша орналасқан. Тілсіз жаудың орын алғаны туралы кезекшілік бөліміне хабарлама сағат 15.06-да түсті. Бес қабатты ғимараттың төртінші және бесінші қабаттарында матрас пен екі шаршы метр аумақта линолеум жанған. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, - деді департаментте.

Құтқарушылардың көмегімен оқиға орнынан сыртқа 38 адам шығарылған.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Қызыл жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімінен 16 адам мен төрт техника жұмылдырылып, сағат 15.33-те толығымен сөндірілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады