Алматыда автобус апатқа ұшырап, 12 жолаушы ауруханаға түсті

Sputniknews.kz
Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Алматыда барахолка базары маңында Солтүстік шеңбер бойында автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға куәгерлері мен автобус жүргізушісінің айтуынша, қоғамдық көлік Солтүстік шеңбер бойында автобус жолағында кетіп бара жатады. Соол бағытта Toyota Carina E көлігі де келе жатады. Жеңіл көлік жүргізушісі алды-артына қарамастан шалт бұрылады. Автобус жүргізушісі тежегішті басқанына қарамастан, көлікке бір-ақ соғылыпты.

Жол апаты салдарынан автобустың 12 жолаушысы зардап шекті. Әртүрлі жарақат алған оларды жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталмақ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз