Ақтөбе облысында мал іздеуге шыққан 6 адам жоғалып кетті

massaget.kz
Жігіттерден хабар болмағаннан кейін тума-туыстары 6 қыркүйек күні аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған.

Ақтөбе облысында бірнеше күн бұрын жылқы іздеуге кеткен 6 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Бірінші қыркүйекте Шалқар ауданының тұрғындары ағайынды Қарақовтар мен тағы 4 жігіт «Уаз» көлігімен Ырғыз ауданына қарай жол жүрген. Жігіттерден хабар болмағаннан кейін тума-туыстары 6 қыркүйек күні аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған. Жақындарының айтуынша, мал іздеп кеткендермен байланыс 5 күннен кейін үзілген. Қазір барлығының телефондары өшірулі тұр. Облыстық ішкі істер департаменті мен төтенше жағдай қызметі біздің тілшілерімізге қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Ал туыстары іздеу шараларын жеделдетіп, тікұшақ көтеруді сұрайды. Одан бөлек, еріктілер мен ауыл тұрғындарының да атсалысуын өтініп отыр.

- Жаңағы 3 жігіт кейін қосылған «білеміз, малдың қай жерде екенін көрдік» деген. Сол 3 жігітті алады да, бәрі шығып кетеді. Негізі мал бұрын жоғалған ғой. Бәрінің отбасы, бала-шағасы бар, бірақ ана 3 жігітті білмейміз. АІІБ-ға 6 қыркүйек күні жаздық. Шыққан жоқ әлі. Кеше түнде Шалқардан маған звондап, бүгін шығатынын айтты, - дейді М.Қарақовтың қарындасы Ақнұр Есбосынова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты