Қызылордада мамандар құбыр арасына қысылып қалған баланы құтқарды

ҚазАқпарат
Оған медициналық көмек қажет болмады.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мамандары Қызылорда қаласының Ақмешіт мөлтек ауданындағы жылу құбыры арасында қысылып қалған 10 жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 30 қыркүйек күні болған. Түстен кейінгі уақытта сол маңда достарымен ойнап жүрген жасөспірім сүрініп құлап, жылу магистралі құбырының ортасына қысылып қалған.

«Достарының айтуы бойынша, ол кездейсоқ сүрініп, екі құбырдың арасына құлап түскен.Достары өз күштерімен оны шығара алмаған. Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына жедел жетті. Жағдайды анықтап арнайы гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдаланды. Осының нәтижесінде олар екі жылу құбырдың арасын кеңейтіп баланы шығарып алды», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Айгүл Нұрманова.

Қуаныштысы, бала жарақат алған жоқ.

Оған медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар оқушы баланы анасына тапсырды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады