Алматы тауларында түнде үш турист 3100 метр биіктікте қалып кеткен

Тау, Алматы, Шүкір асуы, турист, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2026 10:40 Сурет: pexels
Өткен түні Медеу ауданы Шүкір асуында, үш жас жігіт таудан түсу кезінде қол шамдарының жарығы өшіп, шамамен 3100 метр биіктікте қалып кеткен. Оларға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жіберілді.

"Құтқарушылар туристерді №22 өрт сөндіру бөліміне дейін алып түсіп, туыстарына тапсырды. Туристер медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 26 адам құтқарылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: