Алматы тауларында үш турист қараңғы түсе бағытынан жаңылып, шың басында қалып қойған

Алматы тауларында үш турист қараңғы түсе бағытынан жаңылып, шың басында қалып қойған , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2025 09:31 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылғы 23 қыркүйекте үш жас жігіт Советтер шыңынан төмен түсу кезінде жолынан адасып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылардың дерегіне сүйенсек, бағытты өздері анықтай алмаған соң, олар құтқару қызметінен көмек сұраған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін "БАУ" КМҚ бір техника мен бес қызметкерден құралған құтқарушылар тобы жіберілген. Құтқарушылар қараңғылық түсе бастаған және күрделі таулы жер бедері жағдайында іздестіруді бастады.

"Құтқарушылар туристерді Советтер шыңына баратын жолда тауып, оларды қауіпсіз жерге дейін сүйемелдеуді бастады",- делінген ақпаратта.

Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Бұған дейін алматылық құтқарушылардың тас қараңғыда тауда адасып кеткен туристерді құтқарғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: