Алматылық құтқарушылар тас қараңғыда тауда адасып кеткен туристерді құтқарды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылғы 23 қарашада Іле Алатауының Үлкен Алматы шыңына шыққан екі адам қараңғы түскендіктен өз бетінше төмен түсе алмай, қиын жағдайда қалып қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құтқарушылардың мәліметіне сүйенсек, олар шыңға күндіз көтерілген, бірақ қараңғы түскендіктен төмен түсу мүмкін болмады. Осылайша, туристер 112 нөміріне қоңырау шалған.
"Көмек сұрап, өздерінің Қотырбұлақ шыңында екенін хабарлады. Оқиға орнына шыққан ТЖМ құтқарушылары Қотырбұлақ шыңы бағытында жүріп, оларды Букреев шыңында тапты. Үйлесімді және кәсіби іс-қимылдардың арқасында барлығы таудан сәтті түсірілді",- делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Бұған дейін жазғанымыздай, Қостанай облысында жоғалған ер адам үш күннен кейін жапан даладан табылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript