Алматы облысында тауға шыққан екі жасөспірім өз бетінше түсе алмаған

Алматы облысында тауға шыққан екі жасөспірім өз бетінше түсе алмаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2024 11:59 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Үлкен Алматы шыңына шығып, өз бетінше түсе алмай қалған жасөспірімдер құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Алматының құтқару қызметімен бірлесіп тауға шығып, адасып кеткен екі жас туристі тауып, төмен түсірді.

"Жасөсіпірімдер – 14 және 16 жаста. Олар демалу үшін тауға көтеріліп, адасып, өздігінен түсе алмай "112" нөміріне хабарласып, көмекке жүгінді. Туристерге медициналық көмек қажет болмады". Төтенше жағдайлар министрлігі

Ведомство таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: