Риддерде 11 жастағы қыз биік ағашқа шығып, түсе алмай қалған
Сурет: ШҚО төтенше жағдайлар департаменті
Риддер қаласының құтқарушыларына 2012 жылы туған қыздың анасы қоңырау шалып, көмек сұрады. Jның қызы көшеде ойнап, биік ағашқа шығып, сосын түсе алмай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қыз бала қатты қорқып, жылап отырған.
Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үш иінді баспалдақты орнатып, шамамен 8 метр биіктікке көтеріліп, баланы аман-есен жерге түсірді.
Сурет: ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.
"Балалармен қауіпсіз іс әрекет ережелері бойынша түсіндірме әңгімелер өткізіңіз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз". ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Сурет: ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript