Көк Жайлауға шыққан үш жасөспірім 2 240 метр биіктіктен өз бетінше түсе алмады

Бүгін таңертең Іле Алатауындағы Көк Жайлау шатқалында үш жас турист ауа райының күрт нашарлауына байланысты таудан өз бетімен түсе алмай, құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары дереу аттанды.
"Құтқарушылар теңіз деңгейінен 2240 метр биіктікте жасөспірімдерді анықтап, шамамен 8 шақырымдық жол жүріп, оларды қауіпсіз жерге жеткізді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмаған", - деп хабарлады ведомство.
Төтенше жағдайлар министрлігі таулы аймақтарда серуендеген кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.
Туристерге ауа райы болжамын мұқият қадағалап, қажетті жабдықтарды дұрыс таңдап, сапар алдында құтқару қызметтеріне бағыт пен жоспар туралы хабар беру ұсынылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript