Жетісу облысында жеңіл көлік пен КамАз соқтығысып, үш адам қаза тапты

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2023 17:18 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Жетісуда бірқатар жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы екі жол апаты Ақсу ауданындағы Сағабүйен ауылының маңында тіркелді.

"Елдімекеннен шыққан кезде Mitsubishi Lancer автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі, рөлге ие бола алмай, көпірден аударылған. Жол апатынан екі адам зардап шекті. Сондай-ақ Алматы-Өскемен тас жолының 361-ші шақырымында (Сағабүйенде) CHERY кроссовері КамАЗ-бен соқтығысқан. Оқиға орнында 3 адам қаза тапты, олардың арасында сәби де бар". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Одан бөлек тағы екі зардап шеккен адам ауруханаға түрлі жарақаттарымен жатқызылды.


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: