Алматыда тас тиеген жүк көлігі арыққа түсіп, аударылды

Жол апаты, Алматы, жүк көлігі, тас, арық, аударылу, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 19:56 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 24 қарашада кешке Алматының Үлкен шығыс айналма жолында тастар тиеген Shacman жүк көлігінің қатысуымен жол апаты орын болды. Солтүстік бағытта келе жатқан көлік бір бүйіріне қарай аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатына тежегіштердің қызып кетуі түрткі болуы мүмкін.

Тежегіші істемей, төмен ылдилаған жүк көлігінің жүргізушісі басқа көліктермен соқтығыспас жолдың шетіне қарай рөлді бұрып жіберген.

Сурет: Zakon.kz

Көлік аялдамаға соғылмай, оның жанынан ытқып, арық бойымен біраз жүріп барып, содан кейін аударылған.

Сурет: Zakon.kz

Жүргізуші зардап шекті, бірақ ол ауруханаға жатқызудан бас тартты.

Оқиға орнына арықтан жүк көлігін шығарып алу үшін эвакуатор келді.

Сурет: Zakon.kz

Үлкен шығыс айналма жолында солтүстікке қарай қозғалыс уақытша шектелген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: