Ақмола облысында өрт кезінде ер адам тірідей өртеніп кетті

life.mosmetod.ru
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Ақмола облысының Тасуат ауылында орналасқан үйден өрт шығып, ер адам жанып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"23-қаңтар күні сағат 14.52 Ақмола облысы ТЖД "101" пульт нөміріне Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасуат ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына ең жақын, 30 шақырым қашықтықта орналасқан өрт сөндіру бөлімшесінен құрамында Ақмола облысы ТЖД жеке құрамның 7 қызметкері мен екі техника бар өрт сөндірушілер тобы жөнелтілді. Тілсіз жау сағат 15.40-та ауыздықталып, сағат 16.10-да сөндірілді", - делінген хабарламада.


Төтенше жағдай орын алған жерде 1961 жылғы ер адамның күйіп кеткен денесі табылған. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді