Қапшағай тас жолында автокөліктің күл-талқаны шықты

Zakon.kz
Жол апатының нәтижесінде бір адам жапа шекті.

30-қаңтар күні таңғы уақытта Алматы-Қапшағай тас жолында автокөлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЖКО Жетіген ауылының бұрылысына таяу маңда орын алған. Mitsubishi Lancer автокөлігі Қапшағайға қарай кетіп бара жатқан. Кенет, неге екені белгісіз, көлік бірден оңға кетіп, жол шетіндегі темір жақтауға соғылған. Сосын оны қайтадан жолға лақтырған. Соққының қатты болғаны сонша, автокөліктің күл-талқаны шығып, тіпті қозғалтқышы жұлынып кеткен. Сонымен қатар көліктің басқа да бөлшектері жан-жаққа шашылған.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты таңғы сағат 6 шамасында Алматы-Өскемен трассасының 46-шақырымында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші сырғанақ жолда тізгінге ие бола алмай қалған.

Оқиға нәтижесінде Mitsubishi автокөлігін басқарған 1988 жылғы жүргізуші жапа шекті. Кеуде қуысы зақымданған ол ауруханаға жатқызылды. Көлікте басқа жолаушылар болмаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты