Мектептегі қанды оқиға. Белорусяда оқушы мұғалім мен сыныптасын пышақтап тастады

mk.ru
Кәмелетке толмаған тағы екі бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Минсктің батыс жағында орналасқан Столбцах қаласында жеткіншек мұғалім мен оқушыға пышақпен шабуылдаған, деп хабарлайды Zakon.kz Белорусяның Ішкі істер министрлігіне сіллтеме жасап.

11-ақпан күні таңертең орта мектеп оқушысы мұғалім мен үш оқушыға пышақ жарақатын салғаны анықталды. Хабарланып отырғандай, оқытушы мен жасөспірімдердің бірі алған жарақаттан қайтыс болып, тағы екі жеткіншек шұғыл түрде аурухана төсегіне таңылған.

2003 жылы туылған күдікті оқиға орнынан қашып кеткендіктен Минск облысында "Сирена" арнайы жоспары енгізіледі. Кейінірек қаскөйді қылмыстық іздеу қызметкерлері арнайы жасақтың көмегімен тұтқындағаны хабарланды.

Бұдан бөлек, Белорусяның Тергеу комитеті (ТК) пышақ жарақаттары "аяқ асты туындаған келіспеушіліктен" жасалғанын жеткізді. Құқық қорғау органдары қылмыстың себеп-салдарын анықтаумен айналысуда, мектепте тергеушілер мен жедел уәкілдер жұмыс жасап жатыр. Минск облысы бойынша ТК екі адамды өлтіру дерегіне сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Айта кеткен жөн, 2018 жылғы қазанда ресейлік мектепте қайғылы жағдай орын алған еді. Керчьте 18 жастағы Владислав Росляков колледжде қолдан жасалған бомба жарып, адамдарды мылтықпен қырып салды. Қанды оқиғаның нәтижесінде 20 адам ажал құшып, қылмыскер өз-өзіне қол салып қаза тапты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді