Жамбыл облысында жан түршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

novostipmr.com
Облыстық Полиция департаменті апат куәгерлерінің хабарласуларын сұрайды.

20-ақпан күні таңғы сағат 7.45 "Тараз-Мырзатай" автожолында, Байзақ ауданының Көктал ауылының бірінші шақырымында жан түршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Nissan Maxima маркалы автокөлігінің жүргізушісі Тараз қаласынан Байзақ ауданының Мырзатай аулына қарай кетіп бара жатып, тізгінге ие бола алмай Audi 80 маркалы автокөлігімен бетпе-бет қақтығыс жасаған. Жойқын соқтығыстың салдарынан Nissan Maxima отқа оранған. Audi 80-нің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында тіл тарпастан ажал құшты", - деп хабарлап отыр облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сот алды тергеу басталғанын жеткізді. Полиция қызметкерлері ЖКО куәгерлері болса хабарласуларын сұрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін