Таразда орын алған ТЖ орнында қандай шаралар жүргізіліп жатыр

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға 300-дей адам жұмылдырылған.

27-ақпан күні таңертең жарылыс болған үйдің мектеп үйіне көшірілген тұрғындары, киіммен, тамақ және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етіліп жаттыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 6:21-де 9 ықшамаудандағы №62-ші алты подъездік тұрғын үйде жарылыс болды деген хабар түсті. Үйде 90 пәтер бар. Үйдің 1-3 қабаттары құлап кетті (4 пәтер). Алты адам жапа шегіп, екі адам қаза тапты. Олардың кім екендіктері анықталып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа - газ құрылғысын пайдалану ережесін сақтамау себеп болған.

Қолданылған шаралар барысында үй түгелімен газ және электр қуатынан ажыратылды. 300 тұрғын мектеп спорт залына көшірілді. Олар ыстық тамақ, жылы киімдермен қаматамасыз етілуде. Адамдарға дәрігерлер мен психологтер көмек көрсетіп жатыр. Байланыс үшін 8 (7262) 51-35-75 шұғыл желі ашылды.

Оқиға орнында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтың жетекшілігімен жедел штаб құрылды.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға жұмылдырылған қызметтер:

- "ҚазТранГазАймақ" АҚ газ қызметінің екі техникасы мен 10 адамы

- "ЖЭС" ЖШС энергетика қызметі - бір техника мен үш маман

- медициналық қызмет - 13 техника, 30 дәрігер

- Жамбыл облысы ТЖД - 10 техника, 76 маман

- Облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағы - 4 техника, 32 адам, екі кинлоготар бригадасы

- Облыстық ПД - 70 қызметкер

- ҚР ІІМ Ұлттық ұлан - 3 техника, 50 маман

Аталған аймақ қоршауға алынған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: