Ақтөбеде мектеп оқушысы көлік астына түсіп қаза тапты

kr74.ru
Кәмелетке толмаған тағы бір бала ЖШККА жансақтау бөлімшесіне жатқызылды.

24 наурыз күні адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қобда тас жолында Opel автокөлігінің жүргізушісі Едіге батыр даңғылымен жүріп келе жатып, басқарусыз тұрған жаяу жүргіншілер жолағында, жолдан өтіп келе жатқан кәмелетке толмаған екі баланы, 9 сынып оқушыларын қағып кеткен.

ЖКО нәтижесінде кәмелетке толмағандар балалардың бірі алған дене жарақаттарынан апат орнында көз жұмса, екінші бала ЖШККА жансақтау бөлімшесіне жатқызылды.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Медициналық сарапатаманың шешімі бойынша 20 жастағы жүргізуі "мас болмаған". Ол Ақтөбе қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК 345 "ҚР ЖЖЕ бұзу" бабына сәйкес сот алды тергеу басталды.

Жыл басынан бері облыста балалардың қатысуымен 30 ЖКО болып, 27 бала әртүрлі дене жарақаттарын алған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді