Ұлттық парктегі жарылыстан 66 жастағы механизатор қайтыс болды

vargashi.com
Тағы 7 адам жарақаттанды.

Алматы облысы Үшарал қаласында орналасқан Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде төтенше жағдай! Өрт сөндіру көлігінің сорғызу қондырғысынан ақау шығып, жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайдың салдарынан 1 адам қаза тауып, 7-і жарақаттанды. Олардың бірі тұрғын болса, қалғаны парк жұмысшылары.

Азамат Жұртбаев, Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Автоцистерна орман алқаптарында болатын өрттерді сөндіруге арналған. Соны жөндеу кезінде кішігірім жарылыс болып, подшипник шашылып кетті.

Жалғыз қызметтік көлік ескі болғандықтан, бұған дейін бірнеше рет жөндеуден өткізілген екен. Бұл жолы да парк қызметкерлері өз беттерінше сорғызу қондырғысын жөндеп жатқанда жарылыс болған. Қайтыс болған 66 жастағы азамат Алакөл паркінде механизатор қызметін атқарыпты. Соңында үш ұлы мен бір қызы қалған отбасыға материалдық көмек көрсетіледі. Ал, жарақат алған жеті жұмысшы қазір аурухана төсегіне таңулы. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жандос Садықов, Алакөл аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Қалған 7 науқастың 4-і қазір реанимация бөлімінде. Оның үшеуіне ота жасалды. Жағдайлары ауырлау. Үш науқас травмотология бөлімінде ем қабылдады. Жағдайлары орташалау.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды