Біріккен Араб Әмірліктерінде екі қазақстандық қыз қаза тапты

ҚР СІМ, Біріккен Араб Әмірліктері, Шарджа, қазақстандық қыз, қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2026 21:22 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ҚР Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында қаза тапқан Ақжан мен Жұлдыз Бохановалардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулдығы қаза тапқандардың туыстарына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде. Атап айтқанда, мамандар құжаттарды рәсімдеу және БАӘ құзыретті органдарымен өзара әрекеттесу тұрғысында жәрдемдесуде.

Болған оқиғаның мән-жайын жергілікті билік анықтап жатыр. Тергеу мүддесі үшін, әзірге қайғылы оқиғаның мәліметтері жария етілмейді.

ҚР СІМ қаза тапқандардың отбасыларымен байланыста болып, өз өкілеттігі шеңберінде оларға қажетті көмек көрсетуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: