Жетісу облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде екі полиция қызметкері қаза тапты
Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрі Ержан Саденов қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасында қаза тапқан Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың есімдері әріптестерінің жадында мәңгі сақталатындығын атап өтті.
"Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасыларына қажетті көмекті көрсетеді",- деп мәлімдеді ол.
Бұған дейін Ақтөбе облысында ата мен немересі джиппен бірге суға батып кеткендігін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript