Азаптап өлтіріп, мәйітін көміп тастаған

видео кадры
Күдіктілердің барлығы тергеу абақтысында қамауда және олар жасаған қылмысын мойындап отыр.

Мәйітті таппай тұрып, күдіктілерді қолға түсірді. Атыраулық тәртіп сақшылары мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері асқан қатыгездікпен адам өлтірді деген күдікпен 5 адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Полицейлер тергеу құпиялылығын алға тартып, қасаң ақпарат таратумен ғана шектеліп отыр.

Қанды оқиға таң ата қала сыртындағы Талқайран ауылының тұсында болыпты. Күдіктілер марқұмды әуелі жабылып ұрып-соғып, кейін өлтірген соң мәйітті көліктің жүксалғышына салып, Жайық жағасына апарып көміп тастаған. Қанды оқиғаға жігіттердің арасындағы өзара келіспеушілік себеп болған, - дейді ресми ақпарат. Бір қызығы мәйіт табылмастан бұрын күдіктілер қолға түскен. Артынша қайда көмгендерін көрсеткен. Ал бейресми ақпарат жастардың арасындағы жанжалға есірткі себеп болды дегенді айтады. Және олар жәбірленушіні сабағаннан кейін тірідей көміп тастаған-мыс. Қазір осы іске байланысты қылмыстық кодекстің "адам ұрлау" және "асқан жауыздықпен адам өлтіру" баптары бойынша іс қозғалды. Күдіктілердің барлығы тергеу абақтысында қамауда және олар жасаған қылмысын мойындап отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі