Алматыда ЖКО жапа шеккен жүргізушіні шығарып алу үшін көлікті кесуге тура келді

Zakon.kz
Жол апатынан жалпы саны төрт адам жапа шекті.

Алматыда Бекмаханов көшесінде екі көлік бетпе-бет қақтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЖКО Сүйінбай даңғылына жетпей орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, Mazda автокөлігі батыс бағытта қозғалған. Бұрылыста көлік жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Toyota Alphard автокөлігімен бетпе-бет қақтығысқан. Жойқын соққыдан қос көлікті жан-жаққа лақтырып жібереді.

Mazda жүргізушісі күл-талқаны шыққан автокөліктің ішінде қысылып қалған. Оны шығарып алу құтқарушыларға көлікті бөлшектеуге тура келді. Сонымен қатар аталған көліктің жолаушысы да зардап шеккен.

Сондай-ақ Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы да жапа шегіпті. Жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

Жол апатының жай-жапсарын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жолдың аталған аумағының сырғанақ болуы себеп болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз