Полиция Алматы автобазарларында кезекті рет рейд жүргізді

pxhere.com
Полицейлер контейнерлердің бірінен автокөліктердің қапталында тұратын 15 айнаны тәркіледі.

Бұрын қолданыста болған автобөлшектер сатылатын сауда нүктелерінде кезекті жедел-профилактикалық шаралар жүргізілді. Полицейлер сипаты ұрланған заттарға ұқсас күдікті тауарлар сақталған контейнерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Сонымен, барлығы 103 контейнер, 24 автомобиль мен базарлардың аумағында және соған жақын орналасқан тоғыз ТЖО тексерілді. Полицейлер контейнерлердің бірінен автокөліктердің қапталында тұратын 15 айнаны тәркіледі.

- Бөлшектерді тәркілеуге олардың ұрланған заттарға ұқсастығы себеп болды. Одан бөлек, 23 жастағы саудагер өз тауарын қайдан және қалай алатынын дұрыс түсіндіріп бер алған жоқ, сонымен қатар оларға қатысты құжаттарды да көрсете алмады. Көлік айналары Негізінен Toyota автокөлігінің әртүрлі модельдеріне тиесілі. Барлығын анықтайтын боламыз, - деп сөзін түйіндеді Алматы қалалық ПД Криминалды полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Полиция өкілдері құқықбұзушылықты ескерту мен оның жолын кесу мақсатында мұндай шаралардың жиі өткізіліп тұратынын ескертті. Полицейлер көбіне ұрланған заттарды сатып алу мен оларды сақтайтын орындарды анықтаумен және заңға қайшы әрекеттермен айналысатын тұлғаларды табумен айналысады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды