Алматыда еш құжатсыз Subaru теуіп жүрген жас нашақор ұсталды

Сурет: zakon.kz
Полицейлерге бұл жүргізуші тым күдікті көрінген.

Алматыда есірткінің буына елтіп, қала көшелерінде еш құжатсыз көлікпен жүрген жігіт ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz қаланың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тимирязев пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында полицейлер Subaru жүргізушісін тоқтатқан. Жас жігіттің жүргізуші куәлігі жоқ, не көліктің ешбір құжаты жоқ. Жүргізушінің жүріс-тұрысы да күдік туғызды.

– Медициналық сараптама анықтағандай, жүргізуші есірткі заттар қолданған болып шықты. Жас жігіт бір апта бұрын аса күшті және әсері ұзақ сақталатын "трамадол" деген есірткі затын қолданғанын айтты, – деді жол-патруль полкінің командирі Манап Саттаров.

1997 жылы туған жүргізушіге қатысты ҚР ӘК 608 бабы, 1 бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Оның көлігі айып тұрағына кетті.

Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады