Алматы облысында "Уылдырық шашу" жедел алдын алу шарасы жүргізілуде

Википедия
Шара барысында 50 астам хаттама толтырылып, 8 тұлғаға қатысты іс қозғалған.

Алматы облысының тәртіп сақшылары көктемгі уылдырық шашу кезеңінде балықты заңсыз аулаушылардың жолын кесу мақсатында түрлі шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес 5 сәуірден бастап су қоймаларында балық аулауға тыйым салынған.

23 сәуір күні облыстық полицейлер табиғат қорғау инспекциясымен бірлескен рейд барысында заңсыз балық аулаған Балқаш ауданындағы Аққұм ауылының маңында 42 жастағы Қарағанды облысының тұрғынын ұстады.

"Күдіктіден "Ямаха-90" маркалы аспалы қозғалтқышты "Амур" қайығы, пластикалық қыл жіптен жасалған ау және басқа жабдықтар мен ұсталған балық тәркіленді. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Мемлекетке 300 мыңға жуық материалдық шығын келтірілген",- деп атап өтті облыстық Табиғат қорғау полициясының инспекторы Бағлан Рымжанов.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары 20 күн ішінде "Уылдырық шашу" жедел алдын алу іс-шарасы барысында 50 астам хаттама толтырылып, 8 тұлғаға қатысты табиғат қорғау заңнамасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Өз кезегінде, полицейлер іс-шараның мамыр айының соңына дейін жалғасатынын айтып, облыс тұрғындарын балықтардың уылдырық шашуына кедергі келтірмеуге шақырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды