Нұр-Сұлтанда алаяқтар банк қызметкеріміз деген жалған атпен ақша ұрлаған

Zakon.kz
Олар ойдан шығарылған сылтау арқылы карталардың мәліметтері мен бір реттік құпия сөздерді біліп алып, сосын есеп-шоттарға кіру арқылы ұрлық жасаған.

Нұр-Сұлтан тұрғындары алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды Zakon.kz елорда ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банк карталарының иелеріне банктардың колл-орталықтарының дубльденген 8-8000-800-819, 8-727-258-35-55, 8-8000-8000-59 сияқты нөмірлерінен қоңырау түседі екен.

Алаяқтар бағдарламалық жасақтаманы пайдалану арқылы колл-орталықтардың нөмірлерін дубльдеп, өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстырған. Олар ойдан шығарылған сылтау арқылы карталардың мәліметтері мен бір реттік құпия сөздерді біліп алып, сосын есеп-шоттарға кіру арқылы ұрлық жасаған.

Қазіргі таңда азаматтардың есеп-шоттарынан ақша ұрлануына сәйкес 14 дерек бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Күдіктілерді анықтап, оларды ұстауға қатысты жедел іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Қала полициясы осындай алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен азаматтарды Полиция департаментіне (Бейбітшілік,19) хабарласуын немесе 8(7172)71-63-35, 71-62-91 және 102 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуды сұрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды