ШҚО ірі ЖКО болып, алты адам қаза тапса, тағы сегізі жапа шекті

pixabay.com
Ажал құшқандардың ішінде бір жасар сәби болған.

28 сәуір күні шамамен сағат 16:30 Абай аудандық ПБ кезекші бөліміне адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасының орын алғаны жайлы хабар келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарауыл ауылының 47 жастағы тұрғыны Tоyota Corolla автокөлігімен Қасқабұлақ ауылынан Семей қаласына қарай кетіп бара жатқан. Ол кенет, тас жолдың 3 шақырымында семейлік тұрғын 32 жасар әйел адам тізгіндеген Lada Priora автокөлігімен қақтығысқан. Жан түршігерлік жол апатының нәтижесінде 6 адам қаза тапты, оның ішінде 2018 жылы туған бір жасар сәби бар. Тағы 8 адам әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне (Абайсызда екі немесе оданда көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол жүру ережесін бұзу) сәйкес сот алды тергеу жұмыстары басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз