Нұр-Сұлтанда ломбардты тонағандар видеоға түсіп қалды

видео кадрлары
Күдіктілер ломбардқа түн ішінде кіріп, сөре терезелерін сындырған, сосын ұялы телефондарды алып, із суытады.

Нұр-Сұлтанда ломбард тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz астаналық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Криминалды полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында ломбард сөрелерінен ұялы телефондарды ашық түрде ұрлаған күдіктілерді ұстады.

Ломбард тәулік бойы жұмыс істейді және күзет те қойылмаған. Күдіктілер ломбардқа түн ішінде кіріп, сөре терезелерін сындырған, сосын ұялы телефондарды алып, із суытады.

Күдіктілер видеобақылау камералары арқылы анықталып, ұсталды. Ұялы телефондар тәркіленіп, иесіне қайтарылған.

Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 191 бабына сәйкес сот алды тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, қолға түскен тұлғалардың астана аумағында бұған дейін жасалған осы сияқты басқа да қылмыстарға қатыстарының барлығы тексеріліп жатыр.

Осы күдіктілердің заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне мына мекен-жай бойынша хабарласулары сұралады: Бейбітшілік даңғылы,19 немесе 8 (7172) 71-61-51, 71-63-16 және 102 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды