Алматыда жеке тұрғын үй өртенді

Zakon.kz
Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ.

Алматыда 100 шаршы метр аумақта үй өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт күндізгі уақытта Сүйінбай даңғылы, 61 мекен-жайынан шыққан. Өрт сөндірушілер ТЖ орнына сағат 13:37 бағыт алады. Қызыл жалын сағат 13:58 ауыздықталып, 14:08 толықтай сөндірілген.

- Өрттің көрші орналасқан үйге өту қауіпі туындаған. Құтқарушылар жалынның сол аумақтағы тұрғын үйлерге өтуіне жол берген жоқ. Белгілі болғандай, аулада орналасқан қора-жайлар мен жеке тұрғын үйдің шатыры отқа оранып, оның жалпы аумағы 100 шаргшы метр құрады. Тілсіз жауды сөндіру барысында үш газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды, - деді департамент өкілдері.

Абырой болғанда қаза тауып, жапа шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті