Қарағандыда Қосановтың қолдаушысын атып кетті

Жұрттың айтуынша, Ғалыға алдында біреулер ескерту жасап, ұрып кетіпті.

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында жергілікті қоғамдық белсенді Ғалы Бақтыбаевты атып кетті. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы Айсұлтан Жақыповтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлады.”

"Жаңаарқада Ғалы деген кісі бар еді. Жемқорлықпен күресетін, сотқа дейін баратын адамтын. Қосанов ағамыздың жарнамаларын іліп, жақсы жұмыс істеп жүрген. Сол кісіні түнде атып кетіпті.
Жемқорлар тықыр таянғанын сезіне бастады ма?
Марқұмның толық аты-жөні Бақтыбаев Ғалы Әдіұлы
Иманды болыңыз Ғалы аға!
Қаныңыз босқа төгілмейді. Уәде берем!", деп жазды Жақыпов.

Жұрттың айтуынша, Ғалыға алдында біреулер ескерту жасап, ұрып кетіпті. Ғалының өлімі сайлауға қатысты болмауы да мүмкін. Себебі ол кісі жемқорлармен күресіп, сотқа дейін барған. Талай парақор, жемқорды әшкерелеген. Солардан келуі де мүмкін дейді.

Ал, Қосановты қолдау үшін плакаттарын іліп, халықты үгіттеп, жүгіріп жүргені рас дейді жерлестері.

Қосановтың сайлау алды штабына хабарласқанымызда Ғалы Бақтыбаев ресми өкілі емес екенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: