Елордада синоптиктер соты басталды

publicdomainpictures.net
Мекеме басшылары аса ірі көлемде пара алу кезінде ұсталған болатын.

Нұр-Сұлтанда "Қазгидромет" республикалық мекемесі бас директорының бұрынғы бірінші орынбасары Нұркен Сұлтанов пен Қарағанды облыстық филиалының директоры Роман Андриановқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қос басшыға ауа райын болжауға қажетті радар қондырғыларын сатып алу бойынша кәсіпкерден 26 миллион теңге алды деген айып тағылған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оларды биыл 17-ші қаңтарда үлкен көлемдегі ақшаны алып жатқан сәтінде қолға түсірген болатын. Олар осындай жолмен тендер бойынша радар сатып алып беретін кәсіпкерден ақша алмақшы болыпты. Айыпталушылардың екеуі де сот отырысында бет-жүздерін камераға түсіруге қарсы болды. Ал кәсіпкер тендер үшін қанша пара бергенін тәптіштеп айтып берді.

Әлия Нұрақышева, куәгер:

- Жалпы 26,5 миллион теңге берілді. Бірінші 9,5 миллион, екінші ретте 17 миллион теңге. Бірден бере салу қиын қазір. Үлкен ақшаны банктен шешіп алу үшін оны дәлелдеу керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі