Ақтаулық құтқарушылар жанып жатқан үйден 14 адамды эвакуациялады

Ақтаулық құтқарушылар жанып жатқан үйден 14 адамды эвакуациялады , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2026 13:53 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақтау қаласында 2 мамыр күні 31-шағынауданда орналасқан алты қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс жану оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы хабарлама жедел қызметтерге түскеннен кейін, оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде жіберілген. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.

"Өртті сөндіру және барлау барысында құтқарушылар үйден 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Өрт қысқа мерзімде сөндірілді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Ақтөбе мен Орал тұрғындарына тұмшаға байланысты ескерту жасалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: